https://www.instagram.com/atasu_jbb_mektebi
Отбасы күніне орай «Отбасы – алтын ұям» тақырыбында мектебіміздің кітапханасында танымдық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалар отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жалғастырып, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты. «Мақалды жалғастыр», «Отбасы мүшелерін ата», «Кім жылдам?» сияқты ойындар арқылы балалар өз білімдерін ортаға салды. Іс-шара барысында отбасы, ата-ана, бауырмалдық, сыйластық туралы әңгімелер айтылып, балалар өз отбасылары жайлы ойларымен бөлісті.
Кітапханашы: Исламбекова Б.М.