https://www.instagram.com/atasu_jbb_mektebi


Жақсылық – жүректен шығатын мейірімнің белгісі. Осындай игі шара арқылы оқушыларымыз қамқорлық пен жанашырлықтың мәнін терең түсініп, айналасына қуаныш сыйлаудың қандай бақыт екенін сезінді.

«Атасу жалпы білім беретін мектебі» КММ
“Ми мен қимыл үйлесімі” нейрожаттығулар
Мақсаты: Мектепалды даярлық жастағы балалардың нейрожаттығулар арқылы ми қызметі мен қимыл-қозғалыс үйлесімін дамыту, зейінін, есте сақтауын және ойлау қабілеттерін арттыру, екі жартышардың бірлескен жұмысын белсендіру.
Педагог-психолог: Ахмедина Н.Ғ

Атасу ЖББ мектебі 11 сынып оқушылары Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – рухани байлық» атты мектеп кіші қызметкерлерге алғысын білдірді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау арқылы рухани бай тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушыларды ризашылық білдіре білуге, мейірімділік пен ізгілікке баулу;
Ата-анаға, ұстазға, достарға, қоғамға алғыс айту сезімін ояту; рухани-адамгершілік қасиеті жоғары тұлға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: Амзина Қ.И

5 сынып оқушыларымен
«Ананың аялы алақаны» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметін арттыру, ана еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту.анаға деген жылы лебіздерін білдіріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар аналарына арнап шағын хаттар мен құттықтаулар дайындады. Тақырыпқа байланысты тәрбиелік әңгіме жүргізіліп, ананың бала өміріндегі орны мен маңызы түсіндірілді.Іс-шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің аналарына деген сүйіспеншілігі мен алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі:Альжанова А.А

Атасу ЖББ мектебінде «Еркетай» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Жан анам» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: балалардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, аналардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Концерттік бағдарлама барысында балалар аналарға арналған тақпақтарын айтып, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ аналарға деген жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Шара өте әсерлі өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

1- наурыз Әлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай Атасу ЖББ мектебінде төтенше жағдай бойынша эвакуациялық оқыту шарасы өткізілді.
Бұл шараның мақсаты- оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қандай да бір төтенше жағдай болғанда дұрыс әрекет етуге үйрету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эвакуациялау процедураларын тәжірибелік түрде жеткізу болды. Эвакуациялық оқыту барысында барлық оқушылар мен қызметкерлер мектептің белгіленген эвакуациялық жолдары бойынша қауіпсіз аймаққа шығарып, төтенше жағдайда тәртіп пен жылдамдықты сақтау қажеттілігі көрсетілді. Оқушыларға өрт сигналдары мен оның мәні түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер берілді.
Іс-шараның нәтижесінде мектеп қауіпті жағдайларда қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жылдам әрі үйлесімді әрекет етуге дайын болды. Барлық қатысушылар эвакуациялау жоспары мен төтенше жағдайдағы әрекет ережелерін жақсы меңгерді.
Жауапты: АӘжТД пәні мұғалімі Смаханов Б.М

Атасу ЖББ мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен “Заң мен тәртіп ” идеологиясын ілгерілету, тәрбиеленушілердің құқықтық мәдениеті мен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында “Өмір қауіпсіздігі” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: балаларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, өрт болған жағдайда, қауіпті жағдайлар туындағанда, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Жауапты: АӘжТД пәні мұғалімі Смаханов Б.М

Атасу ЖББ мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен “Ананың аялы алақаны” бейнеролик түсірілді. Бұл анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті және ананың еңбегін бағалауға арналған құрмет.
Мақсаты: Анаға деген құрметті арттыру, ананың аялы алақаны арқылы мейірім мен жылулықты насихаттау, анаға деген жылы сезімін білдіруге үйрету.

«Атасу ЖББМ» КММ -де жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың , буллингтің және зиянды әрекеттердің алдына алу мақсатында, Ұлытау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 01—36/ 335 хатына сәйкес, мектебіміздің 9,10- сынып оқушыларына «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильм көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгін «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында 5 сынып оқушыларымен суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында эко-сабақ ұйымдастырылып өткізілді.Оқушылар су ресурстарына ұқыпты қарау маңыздылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара бағдарламасы аясында суды үнемдеу жолдарын талқылай отырып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сынып жетекшісі:Альжанова А.А

Атасу ЖББ мектебі 2 сынып оқушыларымен өткен «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру, суды үнемдеп пайдалану қажеттілігін ұғындыру. Табиғатты қорғауға, суды ластамауға және оны тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, суға деген жауапкершілік пен қамқорлық сезімін дамыту.
Сынып жетекшісі:Тебенова Т.Б.

Наурызнама онкүндігі аясында, 15 наурыз “Қайырымдылық күні” ұйымдастырылды. Бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеп, оқушыларды әрқашан да қайырымлылық қолын созуға дайын болуға баулу. Игі істер арқылы адамдар бір-біріне қамқорлық танытып, жақсылық жасауға асығуы керек екендігін сезіндіру.
Ұйымдастырушы: А.Райымбекова әлеуметтік педагог

“Атасау жалпы білім беретін мектебі” кмм-де 8-наурыз Халықаралық әйелдеркүніне орай “Анашымай” атты апталығына сәйкес «Заманауи жеңге: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбындағы жеңге мен қайынсіңілі арасында сыр-сұхбат өткізілді! Мақсаты – қазақ отбасы дәстүріндегі жеңге мен қайынсіңілі арасындағы сыйластық, татулық және тәрбиелік байланысты насихаттау, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды қазіргі заман талаптарымен үйлестіру.
Ұлттық дәстүрді дәріптеу – қазақ отбасы мәдениетіндегі жеңге мен қайынсіңілі арасындағы әдепті қарым-қатынасты көрсету.
Отбасылық құндылықтарды нығайту – үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, татулық пен бірлікті насихаттау.
Жастарға үлгі көрсету – заманауи жеңгенің тәрбиелі, білімді, өнерлі әрі салт-дәстүрді құрметтейтін тұлға екенін таныту.
Жаңашылдық пен дәстүрді ұштастыру – ұлттық тәрбиені сақтай отырып, қазіргі заманға сай ойлау мен мәдениетті қалыптастыру.

5-сынып оқушыларымен «Наурыз – жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Наурыз мерекесінің шығу тарихымен танысты, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, оқушылар Наурызға байланысты өлеңдер айтып, мақал-мәтелдер айтып, сұрақ-жауап және шағын ойындар арқылы өз білімдерін көрсетті.
Сынып сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, мерекенің мазмұнын тереңірек түсінді. Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге,оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.
https://heyzine.com/flip-book/4e807ff214.html
Сынып жетекшісі:Альжанова А.А

Наурыз мерекесіне орай 16 Наурызда сағат 11.00-де, Наурызнама он күндігі аясында «Күй күмбірі» челленджі өтті. Челлендж барысында мектебіміздің жас күйшілері таңдау бойынша бір уақытта халық күйі «Тепең көк» және Ертұран ансамблінің «Ертұран» күйін орындап, жалпы республикалық челленджге өз үлестерін қосты..
«Күй күмбірі» челленджінің негізгі мақсаты – челлендж форматы арқылы ұлттық құндылыққа құрметті арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу, ұлттық музыкалық мұрамызды жастарға жақындату және көпшілікке кеңінен таныту. Күйдің күмбірі арқылы қазақтың рухын сезіндіру, өнерді күнделікті өмірге енгізу.

Наурызнама он күндігі аясында “Шаңырақ күні” өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту.
Шаңырақтың қасиеті мен берекесін ұлықтаған. Берекелі де, бақытты отбасылар көбейе берсін.

«Атасу жалпы білім беретін мектебі «кмм-де Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 9-11ынып оқушылары ауыл әкімшілігіне барып, тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың мақсаты- оқушыларды мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен таныстыру, жергілікті басқару жүйесінің жұмысын көрсету және тәжірибе алмасу болды.
Кездесу барысында әкімшілік қызметкерлері ауыл әкімдігінің қызметі, құжаттармен жұмыс жасау тәртібі, халыққа көрсетілетін қызмет түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылар мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Тағылымдама барысында оқушылар әкімшілік жұмысының бағыттарымен танысып, болашақ мамандық таңдауда пайдалы тәжірибе жинақтады. Мұндай тәжірибе алмасу жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Кәсіби бағдар беруді ұйымдастырушылар: Райымбекова А.Е , Сламқожа З.Е

9-10 сынып оқушыларымен Ұлттық мерекеміз “ Әз-Наурыз “ тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы мен маңызы туралы түсінік беру. Ұлттық дәстүрлер мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, бір-біріне жақсылық, ізгі тілек білдіру, мейірімді болу дағдыларын дамыту.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен салт- дәстүрлерін насихаттау. Бірлікке, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
“ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМНАН АСЫП ТҮСЕ АЛА МА, ОДАН ҚОРҚУ КЕРЕК ПЕ?» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: заманауи жасанды интеллект технологияларының мүмкіншіліктерін талқылау.
????????????Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ежелгі мереке. Бұл күн – бірлік пен татулықтың, жақсылық пен молшылықтың бастауы. Қазақ халқы Наурызда бір-біріне ақ тілектер айтып, наурыз көже дайындап, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртады.????????????
???? Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, бақыт пен шаттық әкелсін! ????✨
Сынып жетекшісі: Ахметова М.К
Балташева Д.Т

Атасу ЖББ мектебінің 2–4 сынып оқушылары арасында «Мәдени мұра, ұлттық салт-дәстүр күні» аясында өткізілген іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың мән-маңызын түсіндіру арқылы ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Сондай-ақ жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді дамыту, халықтың тарихы мен мәдениетін қадірлеуге баулу, дәстүр сабақтастығын дәріптеу.
Өткізген:
Макшиева Д.Қ.
Тебенова Т.Б.
Қуатова А.А.

???? Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар
“Атасу жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің 9-сынып оқушысы Қалкенова Бинайзур Дарханқызы, “Alash” мектеп парламентінің президенті ретінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы туралы бөліскім келеді.
???? Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл тек ұйым ғана емес, бұл:
— жауапкершілікті арттыру
— көшбасшылық қабілеттерді дамыту
— мектеп өміріне белсенді қатысу мүмкіндігі
???? Мектеп парламенті арқылы оқушылар түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өз идеяларын жүзеге асырады және мектептің дамуына өз үлесін қосады.
✨ Білім беру қарқындылығы жағдайында көшбасшылықты дамыту – болашақтың негізі. Дұрыс стратегиялар мен құралдарды қолдану арқылы әр оқушы өз әлеуетін аша алады.
???? Біздің мақсатымыз – белсенді, жауапты және бастамашыл ұрпақ қалыптастыру!

Мектебімізде 18 наурыз – Ұлттық киім күні атап өтілді. Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерімізді дәріптеп, олардың тарихы мен маңызын насихаттайтын ерекше мереке. Қазақтың ұлттық киімдері – тек сән ғана емес, ол халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухының айнасы.
Киімдегі әрбір өрнек пен оюдың өзіндік мәні бар. Олар ұлттың болмысын, табиғатпен байланысын және дүниетанымын бейнелейді.
Ұлттық киім кию – өткенге тағзым, болашаққа құрмет. Бүгін өз тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік!

“Наурызнама” онкүндігі аясында “Жаңару күні” негізінде
“Цифрлық трансформация – болашаққа қадам” тақырыбында 8–11 сынып оқушылары арасында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстыру және цифрлық құралдарды тиімді қолдану дағдыларын дамыту. Шеберлік сабағы барысында оқушылар жасанды интеллекттің білім беру мен күнделікті өмірдегі маңызын талқылап, түрлі интерактивті тапсырмалар мен практикалық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің креативті идеяларын ұсынып, болашақтағы цифрлық мүмкіндіктер туралы ой бөлісті.
Нәтижесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылығы артып, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттері дамыды.
Ұйымдастырушы: математика-физика, информатика пәндерінің мұғалімі Альжанова А.А
Атасу ЖББ мектебі 2 сынып оқушысы Қуантай Томиристің әжесінің немересін бесікке салу рәсімінен көрініс.
Бесікке салу – қазақ халқының маңызды салт-дәстүрлерінің бірі. Оның бірнеше тәрбиелік мәні бар:
1. Сәбидің өмірін қорғау
Бесікке бөлеу арқылы баланы суықтан, желден, жәндіктерден қорғап, оның тыныш әрі қауіпсіз ұйықтауына жағдай жасайды.
2. Денсаулығын нығайту.
Бесікте жатқан бала түзу өседі, денесі дұрыс қалыптасады деп есептеледі. Сонымен қатар тазалық сақтауға да қолайлы.
3. Тәрбиелік мәні.
Рәсім кезінде үлкендер бата беріп, жақсы тілектер айтады. Бұл – баланың болашағына деген ақ ниетті білдіру.
4. Ұлттық дәстүрді жалғастыру.
Бесікке салу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра. Ол арқылы жас отбасы халықтың салт-дәстүрін үйренеді.
5. Әлеуметтік маңызы.
Бұл рәсімге туыстар мен жақындар жиналып, қуаныш бөліседі, сыйлықтар береді, қарым-қатынасты нығайтады.
Қысқаша айтқанда, бесікке салу рәсімі – сәбидің амандығы мен болашағына арналған, тәрбиелік әрі мәдени мәні терең дәстүр.
Дайындаған: Сынып жетекшісі:Тебенова Т.Б.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасынының аясында “Наурызнама”онкүндігіне орай 24 наурыз күні экочеллендж өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамыту.
Жауапты: Амзина Қ., Мусипова Ж.

25.03.2026жылы <<Балалар кітапханасы>>жобасында 1-11сынып аралағында іс шара өткізілді.6-оқушы,3-сынып жетекші қатысты.
Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін насихаттау арқылы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту және «Кітаптар айналымы», «Әжемнің ертегісі» сияқты шаралар арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. ????✨
Жауапты мамандар:Кітапханашы:Исламбекова Б.М.
Сынып жетекеші:Бердибекова М.Б.

5 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” жоспарына сәйкес “Баланың интернетті қолдануын қалай бақылау керек?” тақырыбында ата-ана жиналысы ұйымдастырылды.Бұл ата-ана жиналысының мақсаты – ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, тиімді бақылау әдістерімен таныстыру және цифрлық мәдениетті қалыптастыруға бағыт беру. Жиналыс барысында ата-аналарға баламен сенімді қарым-қатынас орнату, экран уақытын реттеу, қауіпсіздік баптауларын қолдану (ата-аналық бақылау), сондай-ақ интернеттегі қауіптерді алдын алу тәсілдері туралы нақты ақпарат беріледі.
Сынып жетекшісі:Альжанова А.А

“Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау” тақырыбында 2 сынып ата-аналарымен Ата-ананы қолдау орталығының отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты:Ата-аналардың балаларға қатысты онлайн ортадағы зорлық-зомбылық тәуекелдері туралы хабардарлығын арттыру және оларды кибербуллингтен қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Өткізген сынып жетекшісі:Тебенова Т.Б.

5-7 сынып оқушылары, оның ішінде жалпы 47 оқушы “Мен таңдаған жол” тақырыбында жалпы республикалық Бірыңғай ашық сабақ бойынша тікелей эфирға қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні – әрбір адамға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн.

«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтауға баулу және зиянды әдеттердің алдын алу.
7 сәуір күні 6-сынып оқушыларының қатысуымен өткен сынып сағатында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ақпараттар алды.
Сынып жетекшісі: Сеитова Қымбат Қаражанқызы.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында 11-сынып оқушыларына арналған бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының тақырыбы: «Білім–мемлекеттіксаясаттыңбасты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі Заңы. Ол мемлекет құрылымын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, билік органдарының қызмет ету қағидаларын айқындайды.
Өткізген:
11 сынып жетекшісі: Амзина Қ.И

⚠️ «Қауіпсіз терезелер» — балалар қауіпсіздігі үшін маңызды бастама
Ұлытау облысының білім басқармасы өңір тұрғындарының, әсіресе ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігі мәселесіне аударуға бағытталған «Қауіпсіз терезелер» ақпараттық-алдын алу науқанының жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты — тұрмыстық жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жылы мезгілдің басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі арта түседі.
❗️ Құрметті ата-аналар!
Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
• балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
• москиттік торларға сенбеңіз — олар құлаудан қорғамайды;
• терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құралдарын орнатыңыз;
• жиһазды терезеге жақын орналастырмаңыз;
• балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз.
???? Науқан аясында жазатайым жағдайлардың алдын алуға бағытталған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!

Аудандық “Егіздер” байқауына 1 сынып оқушылары: Аманбай Көркем мен Аманбай Еркем қатысып 2 — ші орынға ие болды.
Жетекшісі: Сағынжан Айгүл
Ерекше жарасымдылығымен, сүйкімді күлкісімен жүректерді баурап алатын егіздер жұбы.
Бұл — бір-біріне ұқсас қана емес, мінездерімен де үйлескен,
шаттық пен қуаныштың шырайын кіргізетін
Еркем – Көркем!
Екі жұлдыздай жарқыраған бұл жұп,
әрдайым бірге күліп, бірге қуанып,
бір-біріне тірек болып келеді.

«Адалдық пен құқықтық мәдениет: құндылықтар арқылы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер онкүндігінің іс-шара жоспарына сәйкес 6 сәуір күні 5-7 сыныптар арасында “Адалдық-бірлік негізі” тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – адалдық, сенім, өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу және ұжымдық бірлікті нығайту.Қатысушылар түрлі топтық тапсырмалар мен логикалық ойындар арқылы бір-бірімен жақын танысып, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың маңызын түсінді. Тимбилдинг барысында әрбір қатысушының белсенділігі артып, ортақ мақсатқа жетудегі бірліктің рөлі айқын көрінді.
Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті.
Жауапты сынып жетекшілер:А.Альжанова, Ж.Мусипова,

Бүгін сенбілік, а 18 сәуір — «Жасыл Қазақстан» жобасы аясында ағаш егу күні!

“Еркетай” шағын орталығы, “Құлыншақ” ересек топ тәрбиеленушілерімен «Ғарышкерлер – батыр жандар»тақырыбында тәрбие сағатты өтті.
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, алғашқы ғарышкерлер жайлы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жауапты: Нүкүш Тұмар Талғатқызы

«Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол»
«Журнал бетіндегі ғажайыптар» – топтық жұмыстар
Балалар журналдары – оқушыны кітап оқуға қызықтыратын, тілін дамытатын, ойлауын жетілдіретін және шығармашылыққа баулитын тамаша құрал. Түстері қанық, мәтіні қысқа, суреті көп журнал беттері бастауыш сынып оқушыларына өте тартымды. Осындай материалдар арқылы топтық жұмыстар ұйымдастыру – оқытуды қызықты әрі нәтижелі етеді.
Мақсаты:
• Баланың журналға деген қызығушылығын арттыру;
• Кітап оқуға жетелеу;
• Топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру;
• Тіл байлығын дамыту.
1”А” және 1”Ә” сынып оқушылары
Жауапты: Тажикеева А
Жакупбекова Т

???? Интернет алаяқтықтан сақ бол! ????
Қазіргі заманда алаяқтар өте айлакер. Олар сенің жеке деректеріңді, ақшаңды немесе аккаунтыңды оңай тартып алуы мүмкін.
???? Қалай қорғанамыз?
• Бейтаныс сілтемелерге өтпе
• Жеке мәліметтерді (пароль, код) ешкімге берме
• Күмәнді аккаунттарға сенбе
• Тексерілмеген сайттардан ештеңе сатып алма
• Екі факторлы қорғанысты қос
❗ Есіңде болсын: ресми ұйымдар ешқашан сенен пароль сұрамайды!
Өзіңді және жақындарыңды қорға — бұл ақпаратты бөліс!

Атасу ЖББ мектебі 2 сынып оқушыларымен өткен сынып сағаты.
Тақырыбы:
«Буллингтен қорған! ДосболLIKE. Бір-бірімізге қолдау көрсетейік. Үйдегі ойын: қауіпсіздік шараларын сақтау»
???? Мақсаты:
Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас орнатуға және қиын жағдайда қолдау көрсете білуге үйрету. Үйде және ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.
Буллинг – бұл бір адамның екінші адамды әдейі ренжітуі, қорқытуы немесе мазақтауы. Мұндай жағдайда әр оқушы өзін және өзгелерді қорғауды, үлкендерден көмек сұрауды білуі керек. Достық пен сыйластық – сыныптағы жақсы қарым-қатынастың негізі. Сонымен қатар, үйде ойын ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – денсаулық пен өмірді қорғаудың маңызды шарты.
Өткізген сынып жетекшісі:Тебенова Т.Б.