“Ертегі терапиясы” • Баланың қорқыныштарын жеңуіне, уайымын азайтуға көмектесу; • Өзін-өзі бағалауды арттыру; • Қарым-қатынас дағдыларын дамыту; • Жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеу (мейірімділік, батылдық, адалдық); • Қиын жағдайдан шығудың жолын ертегі кейіпкерлері арқылы үйрету; • Эмоцияларды түсіну, дұрыс білдіруге дағдыландыру; • Қиын бала мінезін (агрессия, тұйықтық, қорқыныш) жұмсақ түзету. Атасу ЖББМ 7- 8 сынып 20 оқушы, 9-11сынып оқушылары арасынан 22 оқушы қамтылып, «Заң мен тәртіп — бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» және «Полиция мен балалар –қауіпсіздік үшін бірге» республикалық акциясы бойынша мазмұндама жазды. Оның ішінде осы оқушылардың жұмыстары үздік деп анықталды. 7-сынып Арманқызы Сезім, 8-сынып Аманбай Береке, 9-сынып Қалкенова Бинайзур ,Әбілқасым Әсия , 10-сынып Өміржан Еркеназ.Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі хатына сәйкес, 2025 жылғы 21 қарашада облыс көлемінде ұйымдастырылған “Саналы таңдау-жарқын болашақ” атты акция ұйымдастырылды. Осы акция аясында мектебімізде жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру және саналы таңдау жасауға бағыттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. “Азамат мектептен шыңдалады” атты дәріске 10-11 сыныптардан 11 оқушы қатысты. Дәріс жүргізген Байдалы би ауылдық округы N 94 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Ж.Тусупбаева.Атасу ЖББ мектебінің 2 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі»тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып сағатының мақсаты:
1. Білімдік мақсат: Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, күнделікті тұтынатын тағамдардың құндылығы және денсаулыққа әсері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды тағамдардан аулақ болуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық мақсат: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу, талдау, салыстыру дағдыларын дамыту; дұрыс тамақтану бойынша жеке күн тәртібін жоспарлай білуге үйрету.Оқушылар сынып сағатына белсене қатысып, әртүрлі тапсырмалар орындады.«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНА» жобасының аясында өтетін күзгі сессия жоспарына сәйкес, 24-28 қараша аралығында «Сыныптағы білім сапасын көтерудегі оқушы үні (оқушы үні мәдениетін қалыптастыру) «Репетитор оқушы» жобасы тақырыбындағы іс-шарасы өтті.5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәнінен 6 сынып оқушысы Саматқызы Інжу 1 орын алды, тарих пәнінен Мағауия Айару 3 орын алды. Жетекшісі: А.Ж.Аяшова, М.Бодықова.Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 10 сынып оқушысы Аман Дінмұхаммед 3 орын алды. Жетекшісі: А.Ж.Аяшова28 қараша күні республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалінің” аудандық кезеңіне мектебімізден 5 педагог қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде: “Шығармашыл толқын” бағыты бойынша Макшиева Дана 3 дәрежелі диплом, “Психолог сандықшасы” бағыты бойынша Құлтас Фариза 3 дәрежелі диплом, “Сабақ аяқталған соң” бағыты бойынша Бердибекова Мира 2 дәрежелі диплом, “Шеберлік палитрасы” бағыты бойынша Альжанова Айдана 2 дәрежелі диплом, Омарова Айсұлу 3 дәрежелі диплом.Әріптестерімізді құттықтаймыз!“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 5 сынып оқушыларымен “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Қауіпсіздік сабағының тақырыбы: “Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа-райында не істеу керек?”.“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 5 сынып оқушыларымен “Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Қауіпсіздік сабағы: “Мектептегі қауіпсіздік ережелері”.10-11 сынып оқушыларына арналған “Алтын түлек” олимпиадасының аудандық кезеңінен 11 сынып оқушысы Қуанышбек Айым 1 орын алып, Республикаға жолдама алды, Әбдраш Нұрәсем 2 орын алды, 10 сынып оқушысы Аман Дінмұхаммед 3 орын алды. Жетекшісі: А.Ж.Аяшова, З.Е.Сламқожа.