5 сынып оқушыларымен халық қаһарманы, жазушы «Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл», қауіпсіздік сабағы “Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру. Сынып сағаты барысында Бауыржан Момышұлының өмірбаянымен таныстырылып, оқушылар Wordwall, Jeopardylabs платформалары арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сынып жетекшісі: Альжанова А.А.9 сынып жетекшісі Балташева Д.Т. ата — ананың мектеппен байланысын нығайту үшін “Ашық есік” күнің ұйымдастырды. Ашық есік күні-балаңыздың оқуына жақыннан қатысып, ұстаздармен ашық пікір алмасуға арналған тамаша мүмкіндік. Бұл кездесу-ата — ана, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңызды қадамы.Атасу ЖББ мектебінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн” онкүндігі іс-шаралар жоспары аясында “Зорлықсыз өмір бейнелері” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, бейбіт өмірді құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық арқылы өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» онкүндігі іс-шаралар жоспары аясында «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігу» ұранымен «Стрессті басқару және өзін-өзі қорғау» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Оқушылармен өткен шара, қатысушыларға стрессті басқару тәсілдерін үйрету және өзін-өзі қорғау, жеке шекараны сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтті. Өткізген: Педагог-психолог:Құлтас Ф.Б25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» онкүндігі іс-шаралар жоспары аясында «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату ушін бірігу» ұранымен «Стрессті басқару және өзін-өзі қорғау» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Мектептің шағын орталық тәрбиешілерімен өткен шара, қатысушыларға стрессті басқару тәсілдерін үйрету және өзін-өзі қорғау, жеке шекараны сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтті. Өткізген: Педагог-психолог:Құлтас Ф.БӨмір қауіпсіздік негіздері.Жарақаттану түрлеріне жалпы түсінік беру және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері. АӘДжТ пәні мұғалімі: Смаханов БАтасу ЖББ мектебінде қаржылық қауіпсіздік бойынша “Қаржы сақшысы” оқыту ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 10-11 сыныптардың оқушылары қатыстырылды. Ойынның мақсаты: Барлық деңгейден өтіп, дұрыс шешім қабылдайтын, өздігімен ойлай алатын, алаяқтардың қулығына түспейтін нағыз қаржылық, қорғаушы болу.5 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балаға үлгі болу — ата-ананың ең басты міндеті» тақырыбында Support сағаты өткізілді. Күн тәртібі: 1. І тоқсан қорытындысы; 2. Әр түрлі мәселелер (оқушылардың білім деңгейі, әр пәннен жетістіктері, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалысы т.с.с) қарастырылды. Ата-аналар мен пән мұғалімдері бірлесе отырып, пікір алмасты. Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Жиын соңында Padlet платформасы арқылы кері байланыс жасалды. Сынып жетекшісі: Альжанова А.А.“Репетитор-оқушы” жобасы аясында 5 сыныпта математика пәнінен Ғани Раяна және Совет Ерасыл репетитор-оқушы қызметін атқарады.Өздерінің сыныптастарына түсінбеген тақырыптарын түсіндіріп, топтық жұмыс жасап, тапсырмалар орындайды.Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды,достық қарым-қатынастары нығаяды. Бұл жоба оқушыларға маңызды екені сөзсіз. Пән мұғалімі:математика пәнінің мұғалімі Альжанова А.А.????Республикалық “Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастырудың басым бағыттары” семинар- практикум аясында өткен “Ғажайып алаң- құндылықтар білгірі” зияткерлік ойынына белсене қатысып, жоғары педагогикалық шеберлік, кәсіби білім және шығармашылық ізденіс танытқаны үшін ағылшын тілі пәні мұғалімі, аға тәлімгер Сеитова Қымбат Қаражанқызы марапатталады. ????Республикалық “Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастырудың басым бағыттары” семинар- практикумға қатысты және спикер ретінде қатысып озық тәжірбиесімен бөлісіп таратты.Зорлық- зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы басталды! ???? 25 қараша — 10 желтоқсан Құрметті “Атасу жалпы білім беретін мектебі КММ-нің” ұстаздары, ата-аналары, оқушылары, оқырмандары! Республика аумағында жыл сайын өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды. ????Акцияның негізгі мақсаты: ????Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жане онын жолын кесу; ????Осы бағытта қабылданып жаткан шаралар туралы халыкты хабардар ету; ????Отбасылық құндылықтарды нығайту; ????Құқықтық мәдениетті арттыру. ????Біз әр адамның қауіпсіздігі мен құқықты қорғалуы тиіс екенін еске саламыз. Отбасындағы тыныштық — қоғамдағы тыныштыктың кепілі. ????Зорлық-зомбылыққа қарсы біргеміз! • Қолдау көрсетіңіз, үн қосыңыз, ақпаратпен бөлісіңіз! Жауапты: аға тәлімгер Сеитова К.К.Мектебімізде 5-11 сынып оқушыларымен желтоқсанның 1-ші жұлдызында ЮПТ УПИ полиция майоры Д.М.Кутумова, УПИ полиция майоры С.С.Есенбаев және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу “ тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында жол қауіпсіздігі, есірткі заттарын тұтыну, тарату, алкогольдік ішімдік, электронды сигарет қолдану және олардың жауапкершілігі бойынша айтылды. Интернет-алаяқтығының алдын алу, “Лудомания” құмар ойындары, “Мектептегі қауіпсіздік” туралы да кеңінен түсіндірілді.Желтоқсанның 1-ші жұлдызында 1-4 сынып оқушыларымен «Қауіпті жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы аясында, мүдделі мемлекеттік ұйымдар өкілдері ЮПТ УПИ полиция майоры Д.М.Кутумова, УПИ полиция майоры С.С.Есенбаев және мектеп әкімшілігі бірлескен дәріс өткізді. Дәріс барысында негізгі үш мәселе 1.«Қауіпті жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы аясында жолда жүру ережелері, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары. 2.Буллингпен және кибербуллингтен қорғану жолдары. 3.«Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыптары қарастырылып оқушыларға жан-жақты түсіндірілді.